«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Гастелло отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Тұқымнан еменге дейін» экологиялық жобасы

23.10.2026

Мектебіміздің 7 «Б» сынып оқушылары Жанаспаева Айдана, Сатаев Максим және Сатаев Денис география пәнінің мұғалімі Храпак М. П.-ның жетекшілігімен «Тұқымнан еменге дейін» атты экологиялық жобаға белсенді қатысуда.

Жоба аясында оқушылар мектеп ауласына жүзге жуық емен жаңғағын отырғызып, табиғатты қорғау мен туған өлкені көгалдандыруға өз үлестерін қосты.

Әрбір отырғызылған жаңғақ — жарқын болашаққа деген үміт. Уақыт өте келе олардан жайқалған жас ағаштар өсіп, адамдарға сая, ал табиғатқа жаңа тыныс сыйлайды. 

Енді келесі көктемді үмітпен күтіп, жер қойнауынан алғашқы жасыл өскіндердің бүр жарып шығуына тілектеспіз.

Өйткені алып емен кішкентай жаңғақтан басталады, ал табиғатқа деген қамқорлық әрқайсымыздың игі ісімізден басталады!

Просмотров: 374


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст