Текст
08.10.2026
«Гастелло ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де жұмыс күндері волейбол секциясы өткізіледі. Секцияға 5–11 сынып оқушылары қатысады.
Негізгі мақсаттары мен міндеттері
Денсаулықты нығайту: оқушылардың дұрыс дене бітімінің қалыптасуына ықпал ету.
Дағдыларды қалыптастыру: волейбол ойынының техникасы мен тактикасын меңгерту (доп беру, допты қабылдау және пас беру, тосқауыл қою).
Мінез-құлық қасиеттерін тәрбиелеу: тәртіптілікке, жауапкершілікке және командалық жұмыс дағдыларына тәрбиелеу.
Секция жетекшісі: Тапеев Берик Газезович.